Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Кәмелетке толмаған күдікті
Меркі аудандық полиция бөліміне Сыпатай батыр ауылында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Жасөспірімнің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің ізімен кәмелетке толмаған бала ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды," - деп мәлімдеді Жамбыл облысының полиция департаменті.
Жасөспірімге қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Басқа ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіндігі хабарланды.