×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сотталғандар казино ойнаған: Алматы облысында колония басшысына үкім шықты

14.05.2024, 14:05
Сотталғандар казино ойнаған: Алматы облысында колония басшысына үкім шықты
Фото: check-point.kz

Алматы облысының түзеу мекемесінде өрескел заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Прокуратураның мәліметінше, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн-сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған, олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті, - деп хабарлады прокуратура.

Прокуратура не дейді

Сонымен қатар облыс прокуратурасы №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді, - деп толықтырды ведомство.