15 мамырда Қазақстанның барлық аймағында ескерту жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметше, тексеріс «ӨРТ-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Сиреналар сағат 12.55-те қосылады.
Республикалық штаб Абай ауданында.
Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады, – деп хабарлады ведомство.