×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Есек асырып, етін сатпақ болған: Шымкентте кәсіпкерге айыппұл салынды

14.05.2024, 21:40
Есек асырып, етін сатпақ болған: Шымкентте кәсіпкерге айыппұл салынды
Әлеуметтік желіден

Шымкенттегі фермалардың бірінде есек асырап, сойғандарға айыппұл салынды. Шаруашылық иесі тиісті мамандарға етті Қытайға сатпақ болғанын айтыпты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. otyrar.kz- ке сілтеме жасап.

Есектер көбейіп кеткен

Оқиға Шымкент қаласының маңындағы ауылдардың бірінде болған. 

Тұран ауданының биі Батыр Арыстановқа сенбі күні ауыл тұрғындары аумақты сасық иіс жайлап, көшеде есектердің бірден көбейіп кеткенін айтып шағымданған. Ол оқиға орнына жексенбі күні барғанда айналаға шашыраған қан мен ет артып жатқан жүк көлігін көрген. 

"Есектер көбейіп кетті, оның үстіне жаман иіс болып жатыр» деді тұрғындар. Сенбі күні кеш болып кеткен соң, жексенбі мен, әділ билердің тағы бір мүшесі, ветеринар дәрігермен бірге бардық. Бара жатқан жолда байқадық, өзіміз 120-130 есек санап алдық, қодығы бар есектер жүр екен. Аржағына барсақ, фермалары бар екен. Фермаларының есігі жабық, сыртында бір машина тұрған. Есігінің шетінен қарасақ, рефрежиратор тұр", - дейді Тұран ауданының биі Батыр Арыстанов. 

Жиналғандар бірден оқиға орнына аймақтық ветеринариялық инспекцияны шақырғанын айтады. Алайда ол күні ешкім келмепті. 

«Ветеринариялық инспекцияға хабарластық, 102 шақырдық. Бірақ инспекция келген жоқ. Егер сол кезде келгенде, демалыстамыз, қалада емеспіз деді, әйтеуір бір сылтау болды. Егер сол кезде келгенде дәлел бәрі бар еді. Мұздатқыш не үшін тұр?» - дейді Арыстанов. 

Кейін ферманың заңды түрде тіркелмегені анықталған. 

Қытайға ет экспорттау мақсатында

Қалалық ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, шаруашылық иесі 12 мамыр күні құлаған төрт есекті сойып, ферманың ауласында көмген. Сойылған есектердің етін сату фактісі тіркелмеді дейді мамандар. Ал жануарлардың иесі оларды Қытайға ет экспорттау мақсатында баққанын айтыпты. 

Есектердің иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Тұрғындар жануарлардың әлі де жайылып жүргенін, ал иісі бүкіл жақын маңдағы аумақты алып жатқанын айтып шағымдануда. Ондағы жұрт ферманың толық жабылып, жұмысын тоқтатуын талап етіп отыр.