×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Менің Алтайым»: Қытайда қазақтар туралы сериал көш бастады

15.05.2024, 00:04
"Менің Алтайым" сериалынан

Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» атты 8 бөлімнен тұратын туынды Қытай телевизиясында көш бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші орында

Рeople.com сайтының хабарлауынша, телехикая көгілдір экранға шыққан алғашқы күні-ақ бірінші орынға шыққан. 

Сондай-ақ, Қытайдың онлайн видео платформасындағы телехикаяның көрілімі алғашқы екі күнде 10 миллионнан асты. Ал қытайлық 抖音(Tiк Tok) және 微博(Weibo) әлеуметтік желілерінде «Менің Алтайым» ең көп ізделген сөзге айналған.  

Қонақүйлерге тапсырыс артқан

Zhihu.com сайтының хабарлауынша, «Менің Алтайым» туындысы қытайлықтардың Шыңжаңға көптеп саяхаттап келуіне себеп болған. Бұл күнде, телехикая түсірілімі болған әсем тәбиғатқа келушілер саны артып, жергілікті қонақүйлерге тапсырыс артыпты. 

Айта кетейік, «Менің Алтайым» телехикаясы жазушы Ли Жюуанның шығармалар желісі бойынша түсірілген. Басты рөлдерде қытайлық танымал актер Ма Йили және Чжоу Иран, шыңжаңдық қандасымыз Алма мен Қайрат ойнайды. 

Шығарма 2010 жылы жарық көрген. Онда жазушы Ли Жюуанның анасымен бірге Алтай аймағының қазақ ауылындағы бастан кешкен оқиғалары, көркем табиғат пен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. 

Серіктес жаңалықтары