Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол алғашқы айналымда әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсті. Бірінші партияны Зарина Диас 6:4 есебімен қорытындыласа, екіншісінде Хосоги қарымта қайтарды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы 5:2 есебімен алға шығып, матчқа екі рет доп бергенде, жеті матчболын пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).
Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.
Енді Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, 21 жастағы Таиланд өкілі Мананчэйа Савангкаевпен кездеседі.