×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шапалақпен ұрып, қылғындырған: Жетісуда балабақша тәрбиешісінің дөрекі әрекеті камераға түсіп қалған

15.05.2024, 22:20
Шапалақпен ұрып, қылғындырған: Жетісуда балабақша тәрбиешісінің дөрекі әрекеті камераға түсіп қалған
Әлеуметтік желіден

Балаларына қорлық көрсеткенінін бейнежазбадан көрген кейбір ата-аналар оқиға орнында талып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болған. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ ата-ананы байқауға болады. Олар балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбасынан өз перзенттерін аяусыз ұрып-соққанын жүрегі езіле көріп отыр.  

“Тып-тыныш отырған баламды салып қалды,”- дейді аналардың біреуі. 

Расында видеодан қорғансыз балаларды тәрбиешінің еш қымсынбай ұрып жатырғанын анық байқауға болады. Және бұндай жағдай бір емес, бірнеше рет тұрақты түрде болғанға ұқсайды.  

Бұл жайт полицияның назарына ілігіпті.  

“Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс полиция департаментінің бақылауында,” - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.  

Ал қапа болған ата-аналар баламызды бұл бақшада қалдырмаймыз деп отыр.