×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыға жете алмады: Жолаушы ұшақта жүрегі тоқтап қайтыс болды

15.05.2024, 23:25
Әлеуметтік желіден

Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының Қостанай - Алматы бағытындағы КС7141 рейсінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

FlyArystan әуекомпаниясының Қостанай - Алматы бағытындағы  КС7141 рейсінде жолаушылардың бірі көкке көтерілген соң өзін нашар сезінген.  

Борт шұғыл Астанаға қонуға мәжбүр болған. 

Стюардессалар жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексергенде тіршілік белгісін байқамаған. Экипаж мүшелері шұғыл түрде алғақшы көмек көрсетуге кіріскен. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген. 

"Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады," - деп хабарлады авиакомпания.

Авиакомпания жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Серіктес жаңалықтары