×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бәрі тең болуы тиіс: Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағым айтылды

17.05.2024, 13:57
Бәрі тең болуы тиіс: Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағым айтылды
Коллаж Ulysmedia

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметтері бойынша, қазір бұл мәселе бойынша азаматтық авиация комитетімен жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров әуежайлардағы қызметтердің бағасы туралы пікір білдірді.

Толығырақ

“Шай-пұл, ұсақ-түйекке қатысты әуежайдағы бағаларға, қызметтерге шағымдар түсіп жатыр. Бұл бағытта қазір азаматтық авиация комитетімен жұмыс істейміз. Бұл негізінен Алматы мен Астана қаласы бойынша түскен шағымдар, - деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша, қазір олар тәуелсіз тасымалдаушыларға қол жеткізген.

“Негізінен мұндай жоғары бағалар көрінбейді. Бірақ біз үшін басты көрсеткіш - бағалардың шамамен тең болуы, қаладағыдай. Әсіресе Starbucks сияқты брендтер. Біз үшін бұл табиғи монополияларды реттеу комитетімен түйіседі, өйткені әуежайлар табиғи монополиялар. Олардың алаңдарына қол жеткізу тең, барабар бағалар болуы тиіс", - деді агенттік басшысы.

Агенттік осы мәселені назарға алғалы отыр.