×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ақшасы көп, білімі шамалы: Аудиторлар Қазақстандағы жеке мектептерді сынады

17.05.2024, 20:15
Ақшасы көп, білімі шамалы: Аудиторлар Қазақстандағы жеке мектептерді сынады
Әлеуметтік желіден

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржановтың дерегінше қазақстандық жеке мектептердегі білім сапасы 20 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

139 миллиард теңге 

Аудиторлық палатада атап өткендей, бюджет шығыстарының үштен бірі дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталады, алайда атап айтарлықтай кемшіліктер бар.Мысалы былтыр 139 миллиард теңгеге 612 жекеменшік мектеп қаржыландырылған  

"Бұл ретте оларда оқушылардың функционалдық сауаттылығының және тиісінше білім беру процесінің сапасының орта есеппен 20 пайызға дейін төмендеуі байқалады", - деді Нұрлан Нұржанов. 

Бұған дейін

Конституциялық сот мектепте хиджабқа салынған тыйымға қарсы арызды қараудан бас тартқанын хабарлаған едік. 

Конституциялық сот баласы мектепте оқитын бір топ ата-ананың Қазақстан білім министрінің "Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығының 13-тармағын "Конституцияға қайшы" деп тануды сұрап берген өтінішін қараудан бас тартқан. Балалары басына байлаған орамалға бола мектепке кіре алмай жүрген ата-аналардың қолына Конституциялық соттың жауабы 14 мамырда тиген.

Конституциялық сотқа ата-аналардың өтініші Қарағанды облысының мамандандырылған әкімшілік сотынан келіп түскен. Білім министрлігінің бұйрығын "Конституцияға қайшы" деп тануды сұраған ата-аналар арызын осы әкімшілік сотқа жазған. Ол сот өтінішке байланысты Конституциялық сотқа жүгінгендіктен, ата-аналардың арызын қарауды тоқтата тұрады.