×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Өскеменде белгісіз азамат итті ұрып өлтірген

17.05.2024, 21:00
Видеодан скриншот

Оқиға ауладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Yk-news порталына сілтеме жасап. 

Ұялы телефонға түсірілген бейнежазбадан футбол алаңында ойнап жүрген француз бульдогын көруге болады. Балалар, шамасы, иттен қорқып, алаңға кірмеген болуы керек. Оқиғаның куәгері Маринаның сөзінше таяқ ұстаған адам келіпм итті қуып шыққан.  

Кейінірек Марина көгалда демалмай сұлап жатырған бульдогты байқаған. Оны біраз адам қоршап алыпты.  Ит қатты дем алып, қозғала алмаған. Балалар итті сол адам таяқ ұстаған адамның ұрғанын айтады. Марина мен оның досы жануарды ветеринарлық клиникаға жедел жеткізгенімен,  бірнеше сағаттан соң ит өліп қалған.  

Кейінірек иттің чипі арқылы иесін анықтағанда, оның қыста қайтыс болғаны белгілі болған.  

"Иесі қайтыс болғаннан кейін кімнің иті болғаны белгісіз. Біз полицияға арыз жаздық. Маған учаскелік полиция келіп, мән-жайды сұрады. Аулада бейнебақылау камерасы болғаны қандай жақсы. Бейнежазба кәдеге асады деп ойлаймын", - деді Марина. 

Иттің мүрдесін ашқан кезде көптеген жарақат анықталған.

"Француз Бульдогтары өте күшті, бұлшықет қаңқасы мықты. Итті осылай жарақаттау үшін қандай күшпен ұру керек", - деп деп ашынды  француздық бульдогтарға көмек тобының негізін қалаушы Елена. 

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі фактінің тіркелгенін растады және қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары