×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

«Барлық сырқатқа ем болатын көрпе бар»

17.05.2024, 22:00
«Барлық сырқатқа ем болатын көрпе бар»
Polisia.kz.

Оралдық кейуананы алаяқтар осылай алдап соққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz алаяқтың ұсталғанын жазды.  

Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған.  

“Ғажайып көрпені” алаяқтарға 300 мың теңгеге сатқан. Олар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, бұл көрпенің барлық сырқатқа ем екендігін айтып иландырған. Алаяқтардың айтқанына нанып қалған әйел 140 мың теңгесі мен алтын әшекейлерін ұстатады. 

Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полицияға хабарласқан. Полицейлер Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады. Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды.  

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.