×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Адамды сынағың келсе – билік бер: Алматыда бизнесті заңсыз тексерген мемқызметкер жазаланды

18.05.2024, 11:22
Адамды сынағың келсе – билік бер: Алматыда бизнесті заңсыз тексерген мемқызметкер жазаланды
Фото: Ашық дереккөзден

Алматының прокурорлары жеке клиникаларды тексерген мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңсыз болғанын анықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратура не дейді

Медеу ауданының прокуратурасына Алматы қаласы медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің заңсыз тексеру мәселесі бойынша жеке клиникалардың бірінің басшысы хабарласқан. Департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен. 

– Осы өтініш негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізді. Прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтады. Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өтті. Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды, – делінген хабарламада.

Жаза

Кәсіпкерді тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.