Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы жедел желіге бір күн ішінде құлсарылықтардан 500-ден астам қоңырау түскенін хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жедел штабтың ақпараты
109 жедел желі қызметінің мәліметінше, Құлсары қаласы бойынша тұрғындардан түскен сауалдар негізінен залалды өндіру тәртібі, өтемақыны төлеу мерзімі туралы болған.
- Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желі қызметіне 4975 қоңырау келіп түскен. Тұрғындар негізінен су деңгейі, судың сапасы, бөгет салу және тараған фейк ақпараттарды анықтау мақсатында жедел желі қызметіне жүгінген, – деп хабарлайды жедел штаб.
Төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желісі тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет көрсетеді.
Құлсарыдағы наразылық
Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан. Ондағы халық әлі тараған жоқ.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.
Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.