×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарылықтар өтемақы бойынша Мәдениет үйінде келісім жасасып жатыр – жедел штаб

19.05.2024, 10:20
Құлсарылықтар өтемақы бойынша Мәдениет үйінде келісім жасасып жатыр – жедел штаб
kulsary_ze (инста)

Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғындары ұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы өңірдің жедел штабына сілтеме жасап.

Жедел штабтың хабарламасы

Штаб мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Үйді аралау барлық бағалау жұмыстары толық аяқталғанға дейін күн сайын демалыссыз жалғасады.

Бүгінгі таңда Құлсары қаласы бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралған. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындармен ақшалай өтемақы төлеу бойынша келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жергілікті Мәдениет үйінде жүргізілуде. Құлсары қаласының тұрғыны Тойған Қарабаева бағалау нәтижесінде көрсетілген ақшалай өтемақы сомасын алуға келісіп отыр. Оның үйі 5 сәуірде су тасқыны кезінде құлап қалған болатын. Шаруашылық ғимараттар да зардап шеккен.

⁃ Мен қазір Құлсарыдағы шағын аудандарының бірінде пәтер жалдап жүрмін. Сондықтан, тезірек баспана сатып алуым керек. Ақшалай өтемақы алғаннан кейін жаңадан үй саламын немесе жаңа үй сатып алуым да мүмкін. Маған өтемақы беріп отырған мемлекетке алғыс айтамын, - деді Тойған Қарабаева.

Зардап шеккендердің қатарында Құлсары қаласының Атырау шағын ауданының тұрғыны Лаура Сандыбаева да бар. Оның үйі 5 сәуірде су астында қалған болатын. Кейін ауласы құрғатылып, үй мамандардың бағалауынан өтті.

⁃ Маған екі бағалау комиссиясы келді. Қазір мен олардың жұмысының нәтижелерін және су басқан тұрғын үйімнің залалын жариялауды күтіп жүрмін. Егер ұсынылған сома қажетімді өтейтін деңгейде болса, мен ақшалай өтемақы алуға келісім беремін, - деді Лаура Сандыбаева.

Бағалау нәтижелерімен танысқаннан кейін екі күн өткен соң, Құлсары тұрғындары мемлекеттен көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады. Келісім аясында тұрғындар зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы опцияларын таңдай алады.

Құлсарыдағы наразылық

Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан. Ондағы халық әлі тараған жоқ.

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.