Иран президенті Ибрагим Раисиді әкетіп бара жатқан Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы ирандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Оқиғаның егжей-тегжейі, басылымның хабарлауынша, түсініксіз. Бірақ болған оқиға жайлы алғашқы есептер апаттың себебіне тұманды ауа-райы болуы мүмкін екенін көрсеткен.
Tasnim және IRIB басылымдары бортта Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да болғанын жазады. Президентпен бірге олар Әзірбайжаннан қайтып келе жатқан.
Қазір құтқару топтары оқиға орнына жетуге тырысып жатыр.