×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы тұрғындарына хабарлау жүйесін тексерілетіні ескертілді

20.05.2024, 09:26
Алматы тұрғындарына хабарлау жүйесін тексерілетіні ескертілді
Коллаж: ulysmedia.kz.

ТЖД мәліметтері бойынша, ескерту қондырғыларының сиреналары іске қосылса, бұл – сейсмикалық жаттығулар өткізіліп жатқанын білдіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы 21 мамырда мегаполисте сиреналар қосылатыны хабарлады. Ескерту жүйелерін тексеру уақыты – таңғы 10.00.

Толығырақ

– Сирена қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындарынан үрейленбеуді және жаттығуға қатысуы сұралады.

– Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы зор маңызға ие, - деп еске салды ТЖД.

Бұған дейін Mass Alert жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесін 1 маусымға дейін Алматыда пилоттық режимде енгізуге уәде берілгені хабарланған болатын.