×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Украинада электр қуатының бағасы күрт қымбаттады

20.05.2024, 14:51
Фото: atomic-energy.ru

Украинада коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда 12,9%-ға, электр қуатының бағасы 70%-ға дерлік қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости-дің жазуынша, бұл туралы Украинаның мемлекеттік статистика мекемесі жариялаған,.

Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Кучеренко 9 мамырда Украина үкіметі ел тұрғындары үшін электр қуатының бағасын бір жарым есеге көтеруге дайындалып жатқанын, болжам бойынша, 1 маусымда тарифтер көтерілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұған дейін Украина Ұлттық банкі энергетика саласындағы күрделі жағдайға байланысты тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясы тарифі күрт көтерілетінін хабарлаған.

Украинада бір жыл ішінде, яғни, 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың сәуіріне дейін тарифтер жалпы алғанда 12,9%-ға қымбаттады, - делінген украиналық «Обозреватель» басылымының сайтында жарияланған хабарламада.

Қаңтар айында Жоғарғы Раданың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі Сергей Нагорняк Вашингтон ұсынған реформалар тізімі аясында 2024 жылы Украина халқы үшін электр энергиясының тарифтері екі есеге өсетінін мәлімдеді.

Қаңтар айының басында Украина министрлер кабинеті 2022 жылдың наурызында енгізілген электр қуатын өшіруге және коммуналдық қарыздар үшін өсімпұл алуға мораторийдің күшін жойды.

Серіктес жаңалықтары