×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Роза Әлқожа су тасыған кезде әншілер қалай көмектескенін айтып берді

20.05.2024, 21:15
Әлеуметтік желіден

Әнші, сазгер Роза Әлқожа су тасқыны басталған кезде алғаш болып гастрольдік сапарға шыққанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлқожа бұл туралы “Oyan” таңғы хабарында айтты. 

“Елдің бәрі айтып жатыр ғой, Димаштан кейін деп. Жоқ біз Димаштан бұрын бастадық,” – деді ол.  

Ол осы орайда әнші ер азаматтардың бастамашы болмағанын, сондықтан тізгінді өз қолына қолына алғанын айтты. 

“Өнер адамдары біріге бермейді. Арқалықты су алды жаңағы... Мен ер адамдар бірінші бастайды деп ойладым. Бірақ ешкім біріге қоймады. Себебі әркім әр жерден өз беріп жатты ғой” 

Ал ақша жинау басталғанда кейбір өнер адамдарының қарызға алып бергенін де айтып қалды.

“Зейнетке шыққан апаларымыз бар. Табысы жоқ. Бірақ қарызға алып берді. Бізде 27 миллион теңге жиналды.” 

Әнші жиналған ақшаға 10 уақытша баспана алғанын, сондай-ақ су етік, киім секілді тұрмысқа қажетті керек-жарақ алып мұқтаж өңірлерге апарғанын айтты. 

Cондай-ақ Роза Әлқожа осы су тасқыны кезінде кейбір эстрада жұлдыздарының бергені көрінбей қалғанын да атап өтті. Мысалы Ерке Есмахан мен Бағжан Октябрьдың әрқайсы 6 миллион теңгені көмекке бергенін айтты. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары