×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қаңтар оқиғасы: Таразда ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды

20.05.2024, 23:25
Ашық дереккөзден

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды. 28 жастағы азамат өз досын абайсызда атып тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұрланған қару

Оқыс оқиға кеше Тараздағы мөлтекаудандардың бірінде болған. Күдікті Калашников автоматын қаңтар оқиғасы кезінде қолды қылған көрінеді. Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қоймадан ұрланған атыс қаруын осы уақытқа дейін заңсыз сақтап келген. Сол автомат абайсызда атылып, қаңғыған оқтан досы ажал құшты. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

ПД мәлімдемесі
 

“Қажетті сараптамалар тағйындалды, Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазір олардың аталғаноқиғаларға қатыстылығы тексерілуде,”- деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.  

Бұған дейін

Алматы облысында азамат полиция қызметкерін атып тастағанын жазған едік. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны полицияға арыз түсіреді. Онда әйел өзін күйеуінің үнемі ұрып-соғатынын айтып көмек сұрайды. Алайда тәртіп сақшылары келгенде тентек күйеу олармен қарсыласқан. Содан соң мылтық алып шығып, қызметкерлерді ата бастаған. Полицейлердің бірі оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен. Кейін ер адамның алколгольдік ішімдік ішкені анықталған. 

Серіктес жаңалықтары