Қаржы мониторингі агенттігі Дубайдағы қазақстандық экс-шенеуніктердің активтерінің заңды-заңсыздығын тексере ме? Ulysmedia тілшісі осы сұрақты ҚМА басшысының орынбасары Жеңіс Елемесовке қойды.
Елемесов не дейді
Жақында Vlast.kz басылымы Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлікке ие қазақстандық шенеуніктердің тізімін жариялаған еді. Оның ішінде экс-шенеуніктер де баршылық.
Елемесов “зерттеуді көрген жоқпыз” дегенімен “бізде тіркелген істерде олардың фамилиясы” жоқ деп жауап берді. Бас прокуратураға сілтеді.
- Тиісті жұмыстан жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл мәселе Бас прокуратураның тиісті комитетінің жұмысы деп ойлаймыз, – дейді ол.
Жұмысты Дубайдағы мүліктерге қатысты жүргізіп жатырсыздар ма деген сұраққа Елемесеов “ол да, басқалар да” деп екіұшты жауап берді.
Дубайдағы мүліктер
Бұған дейін журналистер Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктері, сондай-ақ олардың туыстары Дубайда жылжымайтын мүлікке иелік ететінін көрсеткен жаһандық зерттеуді жариялаған болатын.
Жоба Дубайдағы ондаған мүлікке иелік ететін бұрынғы және қазіргі шенеуніктер мен олардың туыстары туралы.
"Қазақстанда шенеуніктер мен олардың жақындарының табыстары мен активтері туралы декларациялар әлі жария болған жоқ, дегенмен бұл ақпарат азаматтар үшін бұрыннан ашық болуы тиіс екені анық. Біз мұны шенеуніктер мен олардың туыстарының ашық декларацияларына алғашқы қадам деп санаймыз.
Әлемдік тергеу журналистері жасаған жылжымайтын мүлік иелерінің тізімінде ірі саясаткерлер, мафия мүшелері, есірткі сатушылар және басқа да қылмыскерлер бар, олардың көпшілігі іздеуде.
"Власть" жариялаған тізімде-2022 жылы Дубайда жылжымайтын мүлікке иелік еткендердің есімдері бар. Олар немесе олардың жақындары осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметте болған. Атап айтқанда: Қайрат Сатыбалды, Әсел Исабаева, Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаева және бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевтың Марлен есімді ұлы мен тағы басқалары бар.