×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды

24.05.2024, 17:55
Қарағанды тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды
Фото: 2ser.com

34 жастағы Қарағанды тұрғыны TikTok желісінде жариялаған жазбасы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық істі Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық соты қарады. Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, соттан ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Сот оны қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде көзделген "Терроризмді насихаттау немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризм актісін жасауға жария шақыру" бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталған болатын.