×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қазақстанда 32 мың адам жазасын өтеп жатыр – ІІМ

27.05.2024, 15:49
Қазақстанда 32 мың адам жазасын өтеп жатыр – ІІМ
Фото: ашық дереккөз

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев еліміздегі 62 колонияда 32 мың адам жазасын өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

5 мың адам тергеу кезінде қамауға алынған

ІІМ өкілі қазір елімізде 78 мекеме жұмыс істейтінін айтты. Оның 62-сі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орны және 16 тергеу изоляторы.

Онда 37 мың адам бар: оның 32 мыңы сотталғандар,  ал 5 мыңы тергеу кезінде қамауға алынғандар. Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу және мекеме қызметкерлерінің арасындағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында президент барлық колонияға бейнебақылау жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, - деді Әлекешев брифингте.

Оның атап өтуінше, бейнекамераларда аналитика және бақылау функциялары қарастырылған. Сондай-ақ тыйым салынған аймаққа кірген немесе объективі жабылған кезде дабыл жіберетін мүмкіндігі бар. Ондағы бейне Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығына, сондай-ақ, прокуратура органдарына шығарылған. Бұл жағдайды нақты уақыт режимінде тұрақты түрде бақылауға мүмкіндік береді.

88 адамға қатысты сот шешімі шықты

ІІМ өкілі бұл шаралар оң нәтиже беріп отырғанын айтты.

Қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар 8 есе қысқарды. Жүйе іске қосылған сәттен бастап сотталғандар тарапынан жасалған 24 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 43 суицид және 4 қашу әрекетінің алдын алды, яғни жол берілмеді. Тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін 9 жанжал дер кезінде тоқтатылды, - деді ол.

Бұдан бөлек бейнекамералардың арқасында тыйым салынған заттарды жеткізбек болған 151 адам ұсталды. Олар 267 телефон, 33 литр спирттік ішімдік пен 2 келіге жуық есірткі алып кірмек болған.

Қазір әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке 58 адам тартылып отыр.  88 адамға қатысты сот шешімі шықты.