×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Назарбаев мектебінің пышақталған оқушысы есін жиды

27.05.2024, 18:05
Фото:depositphotos.com

Пышақталған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы есін жиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пышақ жарақатын алған 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін біледі, – деп хабарлады ДСБ.

Бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы 12-сынып оқушысына шабуыл мектеп аумағында жасалмағанын мәлімдеген болатын.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары зерттеп жатыр, - деп хабарлады НЗМ.

Еске сала кетсек, Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кеткен еді. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған бозбала ұсталған. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқушы қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары