×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Несие жыры: Қазақстанда пайыздық мөлшерлемелердің өсуі байқалады

27.05.2024, 19:45
Несие жыры: Қазақстанда пайыздық мөлшерлемелердің өсуі байқалады
Коллаж Ulysmedia

Бұл жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы деректеріне сәйкес, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің тұрақты өсуі байқалады. 

Заңды тұлғалар үшін: 

  • Теңгемен орташа мөлшерлеме 17,8% - дан 17,9% - ға дейін өсті. 
  • Шетел валютасында орташа мөлшерлеме 7,1% - дан 7,7% - ға дейін өсті. 

Жеке тұлғалар үшін: 

  • Теңгемен орташа мөлшерлеме 20,8% - ға дейін көтерілді, ал наурыз айында ол 20% -. құрады. 
  • Шетел валютасында орташа мөлшерлеме 5% - дан 4,8% - ға дейін аздап төмендеді. 

Бұған дейін

Парламент Сенаты несие туралы заңды мәжіліске қайтарған еді.

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.