×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Көктемнің соңғы күндерінде еліміздегі үш ірі қалада ауа райы қандай болады

28.05.2024, 16:46
Фото: egemen.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері үш ірі қалада - Астана, Алматы және Шымкентте 2024 жылдың 29, 30 және 31 мамырына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана

29 мамырда: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 14-16 градус жылы.

Алматы

29 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкент

29 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 26-28 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар 28 мамырда Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланғанын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары