×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды тас жолында жолаушылар автобусы жанып кетті

28.05.2024, 21:40
Қарағанды тас жолында жолаушылар автобусы жанып кетті
Видеодан скриншот

Алдын-ала мәлімет бойынша өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Төтенше жағдай Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 27 шақырымында болған. Жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанып, өртке оранған.  

Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздіктерінен шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.  

“Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы,”- деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.  

Бұған дейін

Алматы облысы Кеген ауданында тас жолының тік бұрылысында туристерге толы автобус аударылып қалған еді.

Толығырақ

Оқиға орнына екі медициналық бригада жеткен. Автобуста барлығы 37 адам болды, деп нақтылады Алматы облысының әкімдігі.

Жағдайы

Апат салдарынан әртүрлі дене жарақаты бар 25 адам ауруханаға жатқызылған.

Төрт адамның жағдайы орташа ауыр деп ретінде бағаланады. Қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Жол-көлік оқиғасының себептерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Полиция тергеуді бастады.