Қызылорданың Қызылжарма ауылында болған оқыс оқиғадан зардап шеккен мектеп оқушысының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін иттің шабуылана ұшыраған мектеп оқушысының видеосын жариялаған едік. Алабайдың аузынан баланы сол маңдағы азаматтар аман алып қалған.
Зардап шеккен баланың ата-анасың айтуынша оның арқасын сызаттар бар.
Қызылорда облысының ветеринария басқармасынан осы оқиға бойынша түсініктеме алу мүмкін болмады. Ведомствоның баспасөз қызметі қызметкерлерінің айтуынша, басқарманың басшысы мен оның орынбасары түстен кейін және кешке дейін кеңесте болған.
ІІМ баспасөз қызметі осы факт бойынша ақпарат кейін жолданатынын хабарлады.
Заң не дейді
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сүйенсек, егер сіз кез келген итке зақым келтіріп немесе қару пайдалану арқылы атсаңыз, Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-тармағы (жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша әкімшілік жаза арқалайсыз. Бұл дегеніңіз – 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, сол мөлшерге пара-пар түзеу жұмыстарына, 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамалу түріндегі жаза. Ал ветеринарларға оларды атуға, ұйықтатуға мүлде тыйым салынды. Төрт аяқтылардың азап шегуін тоқтату үшін немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде ғана өлтіруге рұқсат. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салынғаны тағы мәлім. Жануарды қорғаушы қоғамдық ұйымдар ұлардай шулап жүріп шығартқан заң қаңғып жүрген итке тас лақтыруға да тыйым салады. Оған сүйенсек, қоғам онсыз да «бұралқы» болуға «мәжбүрленген» иттердің басына пана беруге, алдына ас қоюға тиіс.