×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әйелді балаларымен қосып өлтіріп, үйін өртеген: Алматы облысында ер адам сотталды

29.05.2024, 17:43
Әйелді балаларымен қосып өлтіріп, үйін өртеген: Алматы облысында ер адам сотталды
Фото: Freepik

Алматы облысында әйелді және оның екі баласын өлтіріп, үйін қасақана өртеп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Сотта анықталғандай, ер адам мас болып, бірге тұратын әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын пышақтап өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта барып, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген. 

Сот үкімі

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот оны тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, былтыр 14 қыркүйекте Алматы облысында өрт сөндірушілер 42 жастағы әйел мен оның 13 және 8 жастағы балаларының денесін анықтаған болатын.