Қазақстандықтар соңғы үш жылда қандай мүлікті декларациялағанын ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші және екінші кезеңдерінде (2021-2023 жылдар) декларацияны 1 170 жеке тұлға тапсырған.
"Декларация жеке тұлғалардың 80 елдің банктерінде ақша сақтайтынын көрсетті", - деді Дина Құсайынова МКК брифингінде.
Сонымен қатар, декларация нәтижесінде мынадай деректер белгілі болған:
Спикер қазақстандықтар декларацияны толтыру кезінде қателесуі мүмкін екендігін атап өтті.
"Бұл жерде біздің азаматтарымыз қателесуі мүмкін-мысалы, мүлікті Жапонияда тіркелгендей көрсетеді, бірақ ол жай ғана Жапонияда жасалған. Сірә, олар аздап қате толтырылған", - деп түсіндірді басқарма басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс. Құжаттарды 3,9 миллионға жуық жеке тұлға тапсырады деп күтілуде.