×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

«Атыраудың жолын су шайып кетті» :Қазавтожол желіде тараған видеоға түсініктеме берді

29.05.2024, 22:00
Коллаж Ulysmedia

Бұған дейін желіде Атыраудың жолын тасқын су шайып кеткені туралы бейне тараған еді. "ҚазАвтоЖол" бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Компанияның мәліметінше қазір бөгет соғу жұмыстары жүріп жатыр. 

“Атырау облысы республикалық маңызы бар Р-40 “Махамбет-Х.Ерғалиев” автожолының 13-14 шақырымындағы жол учаскесін су тасқынынан сақтау мақсатында бөгет соғылуда,” - деп жазды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.  

Аталмыш учаскеге 2 бірлік тиегіш пен 6 бірлік қотарғыш жұмылдырылған.  

Тәулік бойы кезекшілік орнатылып, екі бағытта жол қозғалысы қамтамасыз етілген. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Құлсарыдағы ереуіл

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.  

Серіктес жаңалықтары