×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық бизнесі туралы айтты

Фото: ашық дереккөз

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген «Оян» бағдарламасына сұхбат беріп, бизнесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, мейрамхана ашуға қатысты идеяны әкесі айтқан.

Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік, - дейді Раушан Құдайберген.

Ол ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысын өзі ұйымдастыратынын жеткізді.

Идея ортақ болғанымен, бас-аяғында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын, - дейді Раушан Құдайберген.

Ол мейрамхана мәзірінде 66-дан астам тағам түрі бар екенін айтты.

Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары