×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Лайықты өмір сүру үшін табыс қанша болуы керек: министр жауап берді

Лайықты өмір сүру үшін табыс қанша болуы керек: министр жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме аясында қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша ақша табуы керек екендігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді

Министр жақсы өмір сүру үшін ең төменгі жалақы мөлшерінен көп ақша табу керек деп санайды.

Сондай-ақ оның айтуынша, қазақстандықтардың лайықты өмір сүруі үшін еңбек нарығының тұжырымдамасы бекітілді және Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бет бұруда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда халықтың табысын арттыруға арналған петиция жарияланды

Бүгінде сапалы жұмыс орындары бар болғаны 2 млн 100 мың, біз кем дегенде 3 млн 800 мыңға жеткізуіміз керек. Жалақы ең төменгі деңгейден кем болмауы керек. Қандай жұмыс орындары сапалы деп саналады? Бұл әлеуметтік кепілдіктер болған кезде, сіздің тұрақты жұмысыңыз болған кезде, жалақы медианадан төмен емес керісінше одан жоғары болған кезде және міндетті түрде қауіпсіз еңбек жағдайларында. Бұл барлық жұмыс берушілер ұсынуы керек төрт критерий. Ал мемлекеттік инспекторлар жұмысты тікелей осы критерийлер бойынша бағалауды қамтамасыз етуі тиіс, – деп жалғастырды Светлана Жақыпова.

Еске салсақ, бұған дейін қай өңірдің ер азаматтары көп табыс табатыны белгілі болған еді.