×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Қазақ баласы Иран президентінің қолынан алғысхат алды

08.11.2021, 14:53
Фото: dara_qazaqstan

Иранның қазақтар шоғырлана қоныстанған Гүлстан облысындағы зерек балалар мектебінің түлегі Ерфан Көрпе осы мемлекет басшысының қолынан алғысхат алды деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Биыл Бәндәр-Түркаман қаласындағы «Тизһушан» мектебін тәмамдаған дарынды қандасымыз жоғарғы оқу орнына түсу байқауында көзге түскен. Содан нәтижесінде үздік көрсеткіші үшін ел президенті Ибраһим Раисимен жолығу мәртебесіне ие болған.

Парсы еліндегі байқауда Ерфан Көрпе 3-орын алған. Бүгінде оның Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскені белгілі болып отыр.

Ерфанды алғаш рет Гүлстан облысынан «Һамйаран» қазақ қауымы бір құттықтаса, Тегеран университетінде мемлекеттік деңгейде ел басшысы Ибраһим Раиси мырза екінші рет қабылдаған.

Жалпы қолданбалы ілім, математика, гуманитарлық ғылым, өнер және тіл салаларына талапкерлер саны 1 367 931 адам болса, оның ішінде қолданбалы ілім бойынша Ерфан 600 000 баланың арасынан топ жарған.

Серіктес жаңалықтары