Жігітті аяусыз соққыға жыққан алматылық оқушы қыздардың кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қыздар не дейді
Марат, өзіңнің және отбасыңның алдында айыптымыз. Біздің адам түршігерлік әрекетімізді кешір, - деп түлектер видеоүндеу жолдаған.
Полиция пікірі
Кейін қалалық Полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда құрдастарын ұрып-соғып, онысын әлеуметтік желіге жариялап, мақтанған екі қыз ұсталған болатын.