×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

230 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылады

31.05.2024, 20:15
Фото: gov.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комиссия 235 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдаған. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылады. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді.

“Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында көзделген тұлғалармен жалпы құны 28 млрд теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасуды қолдады. Қаражатты ел экономикасына қайта инвестициялау – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару шараларының бірі,”- деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылған, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар. 

Бұған дейін

Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталатыны хабарланған. 

Серіктес жаңалықтары