×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда бала құқығы қаншалықты қорғалған?

31.05.2024, 23:35
Қазақстанда бала құқығы қаншалықты қорғалған?
фото: UNICEF

Ертең — Балаларды қорғау күні. Қазақстанда қазір 6,8 млн бала бар. Ресми болжамға сәйкес, үш жылдан кейін елімізде бала саны 8 миллионға жетеді. Басты байлығымыз — балаларымыз заңмен қаншалықты қорғалған? Бұл сауалдарға Бала құқығы жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаттары жауап береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, елімізде күн сайын балаға қарсы алты қылмыс жасалады. 

“Сол себептен жазаны қатаңдату үшін және алдын алу, механизмдерін енгізу үшін балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң қабылданды. Осы заңда 70-тен астам позиция бар. Оның ішінде 49-ы — балаларға арналған түзетулер,”- деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Өскелең ұрпақты ересектердің ессіз әрекетінен қорғау үшін заң шығарушы органдар заңдарды күшейтіп жатыр. Соның бірі — бала саудасымен күрес. 

“Бала туғаннанда оған ЖСН береміз, әлі атын бермесе де, ЖСН арқылы мемлекет оны қорғап отырады. Сонан кейін тағы бір маңызды норма  қалдырып кетсе, оны мемлекеттік орган қызметкерлері айтпай қоса, жекеменшік қызметкерлер айтпай қойса, олар да жауапқа тартылады. Заңның бірінші мақсаты — қай жерде, не нәрсе болып жатса да, бала құқығын  қорғау керек,”- дейді Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов. 

Балаға қол көтергендер жазасыз қалмайды. Бұл қит етсе, бүлдіршіндерді төпелеуге құмар балабақша қызметкерлеріне де қатысты. 16 маусымда күшіне енетін заң бойынша баланы ұрып-соғу қылмыстық іс саналып, кінәсі дәлелденсе, кем дегенде 2 жыл жаза арқалайды.  

“Педофилдерге, олардың жазасын қатаңдату, бізде заң бойынша ең қатаң жауапкершілік, қандай бар ? Бұл өмір бойына бас бостандығынан айыру. Міне, осы норманы қабылдадық, баяғыдағыдай 15 жыл емес, 20 жыл емес, енді өмір бойы түрмеде отырады. Сәбиді өлтіргені үшін өмір бойы бас бостанлығынан айыру сияқты норма қаралды. Өзіне қол жұмсауды насихаттау бойынша, «Синий кит» сияқты, басқа да болды ғой, бұған да қылмыстық жаза қарастырдық,”- деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов. 

Балаға психологиялық қысым көрсеткендер түрмеге қамалмағанымен, айыппұл төлейтін болады. Жалғыз жүрген баланы автобустан мәжбүрлеп шығарып жібергендер сот алдында жауап береді. Балаға мопед пен скутерді қай жастан бастап беруге болатыны да заңмен реттеліп жатыр. 

“Жасөспірімдердің жолда жүру ережесін білмей, жастықтың буымен мопед пен скутерді есіріп айдауы, әрине, бірінші кезекте өзіне зиян. Сондықтан біз қазір көліктің бұл түрін 16 жастан асқан балалар ғана жүргізе алады деп шектеу қоюымыз, алдымен балаларды жарақаттан қорғайды,”- деп қосты Мәжіліс дептуты Екатерина Смышляева. 

Жарақат демекші, балалардың терезеден құлап майып болуының алдын алу үшін заңда тиісті нормалар қабылданды. Енді құрылыс компаниялары көпқабатты үйлердің терезелерін құлыппен немесе басқа да механизмдермен қамтуға міндеттеледі. Осы ретте балалардың пайдасына шешілген тағы бір норма бар. Көпқабатты тұрғын үй кешенін салатын компаниялар  міндетті түрде  мектеп пен балабақша тұрғызуы тиіс.