×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Өміріңізге қауіпті: Неліктен Астанадағы ең әдемі жерлердің біріне баруға болмайды?

01.06.2024, 00:35
Өміріңізге қауіпті: Неліктен Астанадағы ең әдемі жерлердің біріне баруға болмайды?
Видеодан скриншот

Астана шетіндегі бөгет аумағында қыдырған — қауіпті. «Ол жерге кіруге болмайды» деп, елорда әкімдігі тұрғындарға ескерткенімен, әдемі кадр үшін басын қауіпке тігіп, су реттейтін нысанға келетіндер қатары азаяр емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала іргесінде орналасқан су реттеуіш нысанды халық осы көктемде қыдырып баратын көрікті жердің біріне айналдырған. Кейбіреулер бұл жерді “жергілікті Ниагара” деп атап кеткен. Кіруге тыйым салынғанына қарамастан, бөгет аумағында серуендеп, селфи түсірушілер қарасы көп. Тіпті балаларын ертіп апаратындар да бар екен. Әкімдік құрылысы аяқталмаған нысанды темірмен қоршап қойғанымен, әлдекімдер оны бұзып, емін-еркін кіріп-шығып жүр. 

“Алдағы екі жылдың ішінде бұл жер туристік орынға айналуы мүмкін. Дегенмен қазір адамдардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қала тұрғындарына бұл нысанды барып аралауға рұқсат етілмейді және ол жаққа бармауға шақырамыз,”- дейді Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ерлан Мырзахан. 

Әкімдіктегілердің сөзінше бұл ең алдымен азаматтардың өз қауіпсіздігі үшін.