×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қателік бізден». Forte Bank басшысылығы кешірім сұрады

03.06.2024, 20:00

Forte банк басқарма төрағасы Бекжан Пірматов қазақ тіліне қатысты дауға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен айдың басында әлеуметтік желіде қызу талқыланған тақырыптың бірі - Forte банктің бос жұмыс орнына жариялаған конкурсы. Онда қазақ тілін білу маңызды емес деген пункт болды. Қазақ қоғамы осыған қатты ашуланғаны есте. Банк басшысының өзі қателік кеткенін мойындайды.  

“Біздің тарапымыздан сондай қателік кетті. Оны мойындаймыз. 4000-нан астам адам жұмыс істейді дедім, жылына орта есеппен 800-900 адам ауысып отырады. Сол орынға жаңа адамдарды тарту үшін, түрлі платформаларға жарнама береміз. Қызметкер бірден табыла бермейді. Жарнамамызды екі не үш рет қайталап саламыз. Мысалы, соңғы жылда 1600 рет жарияланды. Осындай кезде қателік кетті,”- деді Пірматов.  

Сондай-ақ Forte банк төрағасы хабарландырулардың роботизация күшімен дайындалатынын, ал оған берілетін материалдарды қызметкерлердің дайындайтынын жеткізді.  

“Біз 1600 хабарландыруды адам күшімен емес, роботизация көмегімен жасаймыз деп шешкенбіз. Ал оған керек мәліметтерді қызметкерлер дайындайды. Хабарландыру беруді АйТи мамандары дайындап салған. АйТи деген бағдарламалаушылар ғой. Олар қазақ тілі керек емес деп жазып жіберген. Ал роботизация қандай мәлімет бар, сонымен вакансиялар платформасына салған. Яғни, адами фактор екенін мойындаймыз. Өзіміздің ішкі процестерімізге өзгеріс енгіздік. Қатемізді түзеттік,”- деп жауап берді Бекжан Пірматов.  

Және басқарма төрағасы осы қателіктің "арқасында" басқа да құжаттарды тексеріп жатырғанын жеткізді. Қазақстанда жұмыс істеп отырғандықтан қазақ тілін білу міндетті екендігін, әр клиент маңызды екендігін атап өтті.  

ForteBank басқарма төрағасы  Бекжан Пірматовтың Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Берікқызына берген сұхбатының толық нұсқасы.