×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Израиль атысты тоқтатуға дайын

03.06.2024, 20:45
Ашық дереккөзден

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Беньямин Нетаньяхудың айтуынша, Израиль кепілге алынған адамдарды қайтару үшін атысты 42 күнге тоқтатуға дайын. 

"Бірақ біз соғысты тоқтата алмаймыз. Ирандықтар мен біздің барлық жауларымыз біздің берілгенімізді көргісі келеді", - деді ол Парламенттің Сыртқы істер және қорғаныс жөніндегі комиссиясының жабық отырысында. 

Израиль Премьер-министрі сонымен қатар АҚШ президенті Джо Байден ұсынған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешудің үш сатылы жоспарында олқылықтар болғанын айтты. 

"Соғыс кепілге алынғандарды қайтару үшін тоқтайды, содан кейін біз талқылаулар жүргіземіз. АҚШ Президенті халыққа ұсынбаған басқа да мәліметтер бар", - деді Нетаньяху. 

Байден жоспары 

Өз кезегінде Хамас Байден жоспарын оң қабылдады. 

Сонымен қатар, Израильдің Қаржы министрі Безелел Смотрич пен елдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир, егер премьер келісімге келіссе, қызметінен кетіп, басқарушы коалицияны құлатамыз деп қорқытты. 

Нетаньяхудың өзі кепілге алынған барлық адамдарды босатпай және Хамастың әскери және саяси мүмкіндіктерін жоймай, тұрақты бітім болмайды деп талап етті. Ал оппозиция жетекшісі Яир Лапид Байденнің жоспарын қолдады. 

Серіктес жаңалықтары