×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жыл басынан бері медицина қызметкерлеріне қанша шабуыл жасалған?

03.06.2024, 22:35
Жыл басынан бері медицина қызметкерлеріне қанша шабуыл жасалған?
Ашық дереккөзден

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы осыған ұқсас жағдайлар биыл 9 рет болғанын мәлімдеді. Медицина мамандарына дөрекілік танытып, қызметіне кедергі жасамақ болғандарды жауапқа тартуға қатысты заң сәуірде жария болған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Астана қалалық жедел-жәрдем станциясы директорының орынбасары Бота Сәдетхан мұндай жағдай жиі қайталанатынын айтады. 

“Өткен жылы 15 жағдай болған. Биыл - 9. Өз басымда да осындай шабуылдарға тап болған кезім болды. Шақыртуға бардық. Қан қысымы 220 болған. Сол әйелге көмек көрсетеміз деп, ішіп алған ұлы асханадан дәу пышақты алып жүгірді. Бөлменің есігін жауып үлгердік,”- деді жәрдем станциясы директорының орынбасары. 

Мұндай жағдайлардың жиілеуінен сәуірде Президент ақ халаттылардың жұмысына кедергі жазағандарға жаза қатаңдатылады деді. Тиісті заң әзірленді, оған Мемлекет басшысы қол қойды. Жуырда күшіне енеді. Медицина мамандарына дөрекілік танытып, құрметсіздік көрсеткендерді бас бостандығынан айыру көзделген. 

Заңгер Жандос Тұяқовтың мұндай жағдайда бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. 

“Бір азаматқа қатысты дене жарақатын салса, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал екінші бөлігінде 2 адам немесе, бұзақылық мақсатта, ұлтараздық мәселе туындаса, 1000 АЕК мөлшерде айыппұл, немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген,”- дейді заңгер. 

Дәрігерлердің құқығы бұзылған жайттер бұған дейін Талғар, Шымкент және Петропавлда да тіркелді. Шучинск қаласында да жанармай құйып тұрған жедел-жәрдем жүргізушісіне бұзақы шабуыл жасаған видеосы тараған еді. Біреудің өмірін қауіптен арашалаймыз деп, өз өмірін қатерге тігетін ақ халаттылар жұмыстарына құрметпен қарауды сұрап отыр. 

Бұған дейін

Астанада жедел-жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған еркекке үкім шыққан еді. 

Спиртті ішімдік ішкен еркек жәрдем жәрдем қызметкерін қорқытып, оған пышақпен шабуылдаған. Онысымен қоймай ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторының еденденіндегі тақтаны сындырып, әйнегін шаққан.

Бұзақы сотта өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады. 

Сот қаулысымен астаналық ұрып-соғу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып , 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін тағы 15 күн алды. Бұл осындай құқық бұзушылықтар үшін ең жоғары жаза, деп атап өтті Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.