×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ресми: Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

03.06.2024, 23:05
Ашық дереккөзден

Бірнеше жылға созылған трансфердің ақыры нүктесі қойылды. Бүгін испаниялық “Реал Мадрид” француздық Килиан Мбаппемен келісім-шартқа қол қойғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz карольдік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әзірге белгілі “Реал Мадрид” пен Килиан Мбаппенің арасындағы келісім-шарт 5 жылға жоспарланған.  

Айта кетейік, Килиан Мбаппе бұған дейін француздық “Пари Сен-Жермен” клубында ойнаған. Ол бұл ұжымның сапында 2017 жылдан бері өнер көрсеткен.  

Мбаппе деген кім? 

Килиан Мбаппе 1998 жылы дүниеге келген. Әлемнің ең үздік, болашағынан зор үміт күттіретін футболшыларының бірі саналады. Франция ұлттық құрамасының капитаны. 2018 жылы Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының, 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.  

“Реал Мадрид” клубы күні кеше ғана кәрі құрлықтың ең беделді турнирі Чемпиондар лигасында 15 рет жеңімпаз атанған еді.