Cиноптиктер 4 маусымға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазгидромет" РМК дерегінше, атмосфералық толқындардың өтуіне байлансты республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз солтүстік, шығыс өңірлерде бұршақ түседі деп күтіледі.
"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы", делінген болжамда.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.