×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Депозитте ақшаны қай валютамен сақтаған тиімді – банк басшысы жауап берді

04.06.2024, 18:32
Депозитте ақшаны қай валютамен сақтаған тиімді – банк басшысы жауап берді
Фото: Ulysmedia.kz

ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов Ulysmedia.kz порталының депозитте ақшаны қай валютамен сақтаған тиімді деген сұрағына жауап берді.

– Біздің сыйақы өте жоғары да емес, төмен де емес, орта деңгей. Себебі депозит иелеріне жоғары мөлшерде сыйақы берсек, онда оның есесін кредиттен алуымыз керек. Яғни, несиенің пайызы артады. Сондықтан біз орта деңгеймен есептеп, 14-15%-бен есептейміз.

«Қандай валютамен сақтаған тиімді?» деген сұраққа ол былайша жауап берді.

– Бізде клиенттердің 70%-ы теңгемен сақтайды. Соңғы екі жылда доллар бағамы қатты өзгере қоймады. Тұрақтылық бар. Мұндайда теңгемен сақтаған тиімді. Өйткені доллармен сақтасаңыз, 1%, ал теңгемен сақтасаңыз, 14-15% аласыз.

Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Берікқызы ForteBank басқарма төрағасы, Қазақстандағы ең жас банкир Пiрматов Бекжан Олжаұлымен сұхбаттасқан еді. Банк басшысы «керек болмаған» қазақ тілі, банкирлердің сараңдығы, депозит, халықтың несие алуы мәселесі жөнінде біршама сұрақ қойылған.