ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың сөзінше Қазақстандағы несиелі азаматтардың саны басқа елдермен салыстырғанда көп емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Бекжан Пірматов Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Берікқызы берген сұхбатында айтты.
“Статистикаға сенсек, елімізде 9,5 млн.адам еңбекке жарамды. Бірінші кредиттік бюро жыл басында Қазақстанда 7,8 млн.адамның басында несие бар екенін мәлімдеді. Адам санына шаққанда өте жоғары. Осы 7,8-дің 1,5 млн-ы несиелерін төлей алмай жүр. Оның бәрі банктің клиенттері емес, жартысы микронесие алғандар,” – деп статистиканы келтіреді Пірматов.
Банк төрағасының сөзінше несиенің көптігін немесе аздығын есептейтін халықаралық стандарт бар. Ол үшін “сіз табысыңыздың қанша пайызын несие жабуға жұмсайсыз?”, “жеке тұлғалардың несие портфелін елдің жалпы ішкі өніміне шаққанда (ВВП) қанша шығады?” деген екі сұраққа жауап беру керек.
“Екі тәсілмен де есептеп қарағанда, басқа елдермен салыстырғанда бізде ондай көп емес,”- деді Бекжан Пірматов.
Бұған дейін
ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов Ресейге қарсы санкциялар көрші болғандықтан қазақстандық банктердің жұмысына белгілі бір дәрежеде әсер еткенін айтқан еді.
ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Берікқызына берген сұхбатының толық нұсқасы.