×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Қазақстанның қандай жоғарғы оқу орындары әлемнің үздік университеттері рейтингіне енді

05.06.2024, 09:31
ашық дереккөзден

Жоғары білім саласындағы QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің жаңаша тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан рейтингте 21 жоғары оқу орны аталып өткен. Оның бесеуі нәтижесін жақсартып, төртеуі позициясын сақтап қалған.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының нәтижелері:

  • 163 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • 321 – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • 405 – Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • 621-630 – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  • 671-680 – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • 671-680 – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
  • 801-850 – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
  • 851-900 – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
  • 901-950 – Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  • 951-1000 – Алматы технологиялық университеті;
  • 951-1000 – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
  • 951-1000 – Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
  • 1001-1200 – Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  • 1001-1200 – Нархоз Университеті;
  • 1001-1200 – КИМЭП Университеті;
  • 1201-1400 – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
  • 1201-1400 – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  • 1201-1400 – Сүлейман Демирел атындағы Университет;
  • 1201-1400 – С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті;
  • 1401+ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті;
  • 1401+ – Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы ғылым метрикалық көрсеткіштер мен ТДМ индикаторларын ұлғайту арқылы есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілген еді.

Серіктес жаңалықтары