×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Танысына ескертіп қойған: ҰҚК-нің жедел операциясын бұзған банк қызметкері сотталды

05.06.2024, 20:35
Ашық дереккөзден

Ер адам сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі келтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Сотталушы Б. қызметтік міндетін орындап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін қарау кезінде өз танысының мәліметтерін көріп қалған. Кейін ол өз танысына қоңырау шалып, К. есімді азаматтың туысына қатысты қылмыстық із қозғалып жатырғаны жөнінде ескерткен.  

"Банк қызметкерінің іс-әрекеттері салдарынан елордаға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізу арнасының жолын кесуге бағытталған ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы операциясын бұзуға жол берілді. Осылайша, Б.өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп - тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметіне қасақана хабардар ету нысанында араласты, бұл қылмыстық іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел ниетін іске асырудың бұзылуына қауіп төндірді", - деп хабарлады сотта.  

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәні мойындамады, қорғаушы тарап оны ақтауды сұрады.  

Алайда ер адамның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары мен мамандардың қорытындыларымен дәлелденді. Ол кінәлі деп танылып, 1 жылға  
бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ банк жүйесінде белгілі бір қызмет атқару құқығы да бір жылға шектелді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ 

Серіктес жаңалықтары