×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Сібір жарасының қоймасы»: Алматы облысында 429 отбасы далада қалдық деп дабыл қақты

06.06.2024, 11:02
«Сібір жарасының қоймасы»: Алматы облысында 429 отбасы далада қалдық деп дабыл қақты
Фото: Almaty.tv

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Нұрғиса Тілендиев ауылында Сібір жарасының көміндісі табылуына байланысты тұрғындардың құжаты заңдастырылмаған. Енді 429 отбасы далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, халық шегесін қағып, шатырын жабуға жақын қалғанда қауіпті аймақта қалдық деп дабыл қағып отыр.

Сібір жарасының қоймасы бар деген әңгімені келісімшарты ұзартуға барған кезде ғана білдік. Ауыл округі әкімінің қаулысы бойынша, сібір жарасы зиратының және мал қорымының санитарлық қорғау аймағында орналасқан, - деді Н. Тілендиев ауылының тұрғыны Айнаш Иманғалиева.

Осы орайда халық бұған дейін құжаттар қалай рәсімделіп келгенін түсінбей дал.

Жерге байланысты шағымданып отырған 429 жер телімі бар. Оның 324 жер телімінде құрылыс салынған. Қателеспесем 139 тұрғын жеке меншігіне аударып алған, - деді Н. Тілендиев ауылдық округі әкімінің орынбасары Тұрлыбек Анықов.

Тілендиевтегі тұрғындар талабын тыңдату үшін Іле ауданындағы прокуратураға да барған. Олар ауыл шетінде сібір жарасының көміндісі барына күмәнмен қарап отырғанын жасырмайды. Алайда расымен қатер бар болса, зерттеп, дәлелдесін деп отыр.

Уәкілетті орган тұлғаларына тиісті баға беріледі. Себебі бұл жақта тек атқарушы орган емес, жауапты басқа да құзырлы органдар бар. Тексеріс аясында анықтап білдік. Ол жерде салынып жатқан үйлер де бар. Салынып болған құрылыстар да бар, - деді Іле ауданы прокурорының орынбасары Дидар Ерғалиев.

Қауіпті аймаққа құжат рәсімделіп кеткені үшін жауапты тұлғалар жауап береді. Егер әкімдік өкілдерінің де қатысы болса, олар да тергеледі.