×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде теміржол көлігімен жүк тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізілді

06.06.2024, 19:30
Елімізде теміржол көлігімен жүк тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізілді
Фото: rail-news.kz

Қазақстанда жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік министрлігі тиісті бұйрық жариялады.

Оған сәйкес, жүкті сақтау төлемі төмендегі санаттарға қатысты:

- Түсіру сәтінен бастап тиеу-түсіру орындарында түсірілген жүктер;

- Жүк алушының көмегімен түсіруге жататын станция жолдарындағы, тиеу-түсіру пункттерінде бос тұрған вагондардағы, контейнерлердегі жүктер, сондай-ақ, жүк алушыға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланып, станция жолдарында 24 сағат бос тұрып қалған жүктер;

- Жүктің межелі станцияға келгені туралы жүк алушыны хабардар еткен сәттен бастап 24 сағат өткен соң қайта бағытталуын күтіп тұрған станция жолдарында бос тұрған жүктер, вагондардағы, контейнерлердегі жүктер.

Сондай-ақ жаңа өзгерістерге сәйкес, ағымдағы жөндеу үшін ажыратылған вагондарды сақтау үшін төлем алынбайтыны белгілі болды.

Бұйрықта тасымалдаушының тарифтік нұсқауына (прейскурант) сәйкес, 10 есеге дейін өсірілген сақтау алымы жүк алушыға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін қолданылатыны көрсетілген. Тауарларды сақтау үшін ұлғайтылған төлемақыны есептеу 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жүк тасымалдау уақыты екі есе қысқаратынын жазған болатынбыз.