×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті

07.06.2024, 11:54
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті
Фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен Орал қаласындағы «Нұрлы жол» саяжай қауымдастығының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында табиғи апат салдарынан келген шығындарды өтеу механизмдеріне қатысты сауалдар көтерілді.

Тұрғындардың біразының саяжайдағы үйлерінің фундаменті ғана тұрғызылған, құрылысы толық аяқталмаған жағдайлар кездеседі.  Сондай-ақ тұрғындардың саяжайдағы үйлері құжат жүзінде жақын туыстарына рәсімделген, аттарында тұрғын үйлері бар фактілер де орын алып отыр. Мұндай мәселелерді облыс әкімі арнайы шығындарды өтеу жөніндегі комиссия заң аясында жеке дара қарайтынын түсіндірді.

Кездесу барысында өңір басшысы саяжайдағы үйлері жалғыз баспана болып табылатын тұрғындарға заң аясында үй берілетінін атап өтті.

Тұрғындар өз тарапынан судың астында қалған мүліктерін бағалау жұмыстарын тездету бойынша өтініштерін білдірді. Нариман Төреғалиев бағалаушылар мен комиссия өкілдері барлық тұрғындарды қамтитынын айта келе, бағалаушылар саны ұлғайтылып жатқанын атап өтті.

Атап өтерлігі саяжай тұрғындарымен кездесулер және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде өткізіліп жатыр.